Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Халықаралық медиа тур аясында журналистер «БЕЛАЗ» зауытымен танысты
09:59 / 2025-09-22

ТМД елдерінің ақпарат агенттіктері журналистері қатысқан Ресей мен Беларусь қалалары бойынша өтіп жатқан халықаралық медиа тур барысында қуатты жүк машиналары мен техника құралдары өндірілетін «БЕЛАЗ» зауытының жұмысымен танысты.

Жетпіс жылдық тарихы бар бұл кәсіпорын бүгінде тек Беларусь Республикасының ғана емес, бүкіл әлемнің тау-кен өнеркәсібіне қажет алып самосвалдар мен жүк тиеу техникаларын шығаратын жетекші зауыттардың бірі саналады. Мұнда жасалған техникалар қазір әлемнің 80-нен астам елінде, соның ішінде Өзбекстанның тау-кен өнеркәсібінде де қолданылып келеді.

[gallery-25382]

Зауытта 1961 жылы алғаш рет 25 тонна жүк көтере алатын самосвал жасалған болса, кейін машиналардың жүк көтергіш қуаты 450 тоннаға дейін жетті. 2013 жылы таныстырылған 450 тонна жүк көтеретін самосвал сынақ кезінде 503,5 тонна жүк тасып, Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Қазірде зауыт конструкторлары 560 тонна жүк көтере алатын самосвал жобасын әзірлеген. Дегенмен мұндай алып техниканы қолдану мүмкіндіктері мен оған қажетті арнайы шиналарды шығару мәселелері зерделіп жатыр.

Журналистер зауыттағы өндіріс процесімен және техникалармен танысты.

суреттерді түсірген Н.Хайдаров, ӨзА