English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Халықаралық көші-қон ұйымы Өзбекстанда жаңа жобаларды жүзеге асырмақ
10:41 / 2023-09-22

Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Бахром Алоев Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Оңтүстік-Шығыс, Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Манфред Профазиді қабылдады.

СІМ хабарлауынша, кездесуде Өзбекстан мен Халықаралық көші-қон ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Еңбек мигранттарының құқықтарын қамтамасыз ету, адам саудасына қарсы күрес және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасылды.

Халықаралық көші-қон ұйымының Ташкенттегі өкілдігі тарапынан Өзбекстандағы жаңа жобаларды жүзеге асыру перспективалары қарастырылды, делінген хабарламада.