Халықаралық конькишілер одағына жаңа президенті сайланды
Оңтүстік Кореялық Ким Чжэ Ёл Халықаралық конькишілер одағының президенті болып сайланды.
Пхукеттегі (Таиланд) ISU конгресінде өткен дауыс беру шарасында Ким Чжэ Ёл бірінші турда 77 дауыс жинады.
Норвегиялық Трон Эспели (конькиде ұшу) мен канадалық Бенуа Лавои (мәнерлеп сырғанау) ISU вице-президент болды.
ISU президенті лауазымына үміткер қатарында Сюзанна Рахкамо (Финляндия), Патрисия Сент-Питер (АҚШ), Слободан Делич (Сербия) бақ сынады.
Осылайша Оңтүстік Кореялық Ким Чжэ Ёл 2016 жылдан бері басқарып отырған голландиялық Ян Дейкеманың орнына президент болады.
Ол 2011-2016 жылдар аралығында Оңтүстік Корея конькишілер одағын басқарды.