English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Халықаралық ғарыш станциясына ұшатын алғашқы түрік астронавтының есімі жарияланды
18:32 / 2023-04-29

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Axiom Space үшінші коммерциялық астронавт миссиясы аясында осы жыл қараша айында Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшатын түрік астронавтын атады.

Сенбі күнгі TEKNOFEST-2023 фестивалінде сөйлеген сөзінде: «Әуе күштеріміздің қолбасшылығында қызмет етіп жүргенде айтарлықтай жетістікке жеткен батыр түрік ұшқышы Альпер Гезеравджы бауырымыз Халықаралық ғарыш станциясына аттанады», - деген ол.

Ердоғанның айтуынша, Roketsan компаниясында зымыран тасығыштарды жасау инженері болған Джихангир Атасевер қосалқы зерттеуші ретінде таңдалған.

2022 жылдың қыркүйегінде Түрік ғарыш агенттігінің басшысы Сердар Хусейн Йылдырым түрік астронавтикасы тарихындағы тұңғыш ғарышкер 2023 жылы ХҒС-қа аттанатынын мәлімдеген еді.