Қоқан қаласында өтіп жатқан ІІ-ші халықаралық қолөнер фестиваліне әлемнің 70-тен астам елінен келген қолөнершілер қатысуда.
Давуд МОЛЛАЕ, (Иран):
– Өзбекстанда бірнеше рет болдым. Бұл фестивальге бірінші рет қатысуым. Шара өте жақсы ұйымдастырылған. Қоқан, Бұхара, Самарқанд, Маргилан, Риштон қалалары туралы біраз ой түйдім. Әйтсе де, осында келгенімде халықтың ақжарқын, қонақжайлылығына таң қалдым. Еңбекқор, өнерге құштар өзбек халқына деген махаббатым одан сайын арта түсті. Сіздердің еліңізде еңбек етіп жүрген оюшылардың, мысшылардың, ұсталардың, зергерлердің таланты мақтауға тұрарлық. Бұл өлкенің халқы ерте заманнан қолөнерге үлкен мән бергені анық.

Магно АЛОВЕЙРА, қолөнерші (Колумбия):
– Мен жас кезімнен ағаштан, құрақтан бұйымдар жасауға қызығатынмын. Өзбек қолөнершілерінің бұйымдары назарымды аударды. Фестивальден алған әсерім көп. Бұл өлкенің әр аймағының өзіндік дәстүрі, бояуы, жасалу процесі бар. Әсіресе, қолөнершілер мен түрлі салалардың қызметіне мемлекет тарапынан көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Дүние жүзіндегі адамдардың тілі, діні және ұлты әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ адамзат өркениетіне қарасақ, олардың бәрінің тамыры бір. Бұл фестивальді достық, татулық және өнер ынтымақтастығы конференциясы деп атауға болады.


Өзбектердің тұрмыс-тіршілігі, үлкенді сыйлауы, әдебі мен құндылықтары адамды баурап алады. Болашақта бұл фестивальге тағы да келу мақсатым бар.
сұхбаттасқан М.Сулаймонов