Өзбекстан әлемде ең ірі мақта өсіру бойынша алтыншы ел саналады. ХЕҰ елдің мақта секторы 2021 жылы мәжбүрлі және балалар еңбегінен азат болды деген қорытындыға келді.
Өзбекстанда жыл сайын 2 миллион адам мақта терім жұмыстарына қатысады. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша, Өзбекстан 2021 жыл мақта өсіру циклінде балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбекті сәтті шетеген.
«Өзбекстанның мақта секторында реформалар басталған жеті жыл ішінде 2 миллион бала балалар еңбегінен, жарты миллион ересек адам мәжбүрлі еңбектен босатылды», - делінген Халықаралық еңбек ұйымының мақта жинау бойынша 2021 жылғы есебінде.
Қорытындыда 11 мың мақта терімшімен сұхбат жасалған болып, олардың 99 пайызы мақта терім науқанына өз еркімен келгендерін айтқан. Барлық провинциялар мен аудандарда мәжбүрлі еңбек баулу жағдайлары өте аз немесе мүлде байқалмағаны айтылады.
Мақта терімшілердің тек 1 пайызы ғана тікелей немесе мәжбүрі еңбек жұмысына тартылған деп есептеген. Атап айтқанда, респонденттердің 0,49 пайызы қоғамдық қызметкерлердің әлеуметтік төлемдеріне байланысты тікелей немесе жанама қауіп-қатерлер туралы хабарлаған болса, 0,12 пайызы жұмысынан немесе жалақысынан айырылумен байланысты тікелей, жанама қауіптер туралы хабар берген.
ХЕҰ сұхбат берген терімшілердің басым көпшілігі 2020 жылдан бері мақта жинауда еңбек жағдайлары жақсарғанын айтқан. Респонденттердің тек 5 пайызы ғана жағдайдың алдыңғы жылмен салыстырғанда нашар екенін мәлімдеген. Бұл көлік, тамақ, су және гигиеналық заттармен байланысты.
Хабарда айтылуынша, Өзбекстанда еңбекке жарамды жастағы әрбір сегізінші адамның мақта жинау науқанына қатысқан. Терімшілердің 62 пайызы әйелдер болып, олардың көбі ауыл тұрғындары.
«Біздің ынтымақтастығымыз жақсы нәтиже берді – өйткені 7 жылдан кейін биылғы қорытынды өзбек мақтасының балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбектен азат болғанын көрсетті», - деді ХЕҰ бас директоры Гай Райдер.
Өзбекстандағы ХЕҰ TPM жобасының бас техникалық кеңесшісі Джонас Аструптың айтуынша, Өзбекстанда еңбек нарығының демократиялануын көрсететін жаңа өзгерістер байқалуда.
Еске сала кетейік, 2022 жыл 29 наурызда ХЕҰ-ның Өзбекстандағы 2021 жылғы мақта жинау мониторингі туралы үшінші тарап есебі жарияланады.