Халықаралық бокс федерациясы Муроджон Ахмадалиевке чемпиондық сақина сыйлады
АҚШ-тың Чикаго қаласында былғары қолғап чемпиондардың қатысуымен Халықаралық бокс федерациясының (IBF) шарасы өтті.
IBF ұйымы барлық салмақ дәрежесіндегі чемпиондарды бір жерге жинаған шарада, өзбекстандық боксшы Муроджон Ахмадалиевте қатысты. Үш рет белбеуін сәтті қорғаған былғары қолғап шеберіне чемпиондардың мерекелік кешінде IBF тарапынан естелік сыйлық ретінде чемпиондық сақина табысталды.

– Осынау сыйлықты лайықты деп тапқандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Құдай қаласа, жақын арада белбеуімді қайтарамын. Мені қолдаған жандарға көп рақмет. Жаңа белестерді бағындыруға күш-жігерімді саламын, – деді М.Ахмадалиев.