Халықаралық ауыр атлетика федерациясының басшысы Ташкентте
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммад Хасан Жалуд Өзбекстанға келді.
Өзбекстан Республикасы Спорт министрлігінде Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президентімен кездесу өтті.

Әңгімелесу барысында спорт министрі елде әр спорт түрінің дамуына мемлекет деңгейінде көңіл бөлініп жатқанын, олимпиадалық спорт түрлерін, соның ішінде ауыр атлетиканы дамыту, халықаралық спорт ұйымдарымен орнатылған ынтымақтастықтың тиімді жақтары және «Ташкент-2025» жасөспірімдер Азия ойындарына дайындық туралы айтты.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының басшысы Өзбекстанда спорттың дамуына ерекше көңіл бөлініп жатқанын және қол жеткізілген нәтижелерді атап өтіп, елде халықаралық жарыстарды өткізуге қатысты бірқатар жобаларды талқылады.