Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Халықаралық ауыл әйелдері күніне орай іс-шара өтті
15:11 / 2022-10-14

15 қазан Халықаралық ауыл әйелдері күніне орай Ташкент қаласындағы «International Hotel Tashkent» қонақ үйінде «Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту перспективалары және халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуы» тақырыбында форум және «Ауыл әйелдеріне құрмет» атты іс-шара ұйымдастырылды.

ӨР Олий Мажлисінің Сенаты, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі мемлекеттік комитет, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), АҚШ халықаралық даму агенттігі мен «Өзбекстан аграрлы сала әйелдері» қауымдастығы бірлесіп өткізген конференцияның мақсаты қоғамдағы қыз-келіншектердің рөлін арттыру, әсіресе шалғай ауылдарда тұратын әйелдердің тұрмыс жағдайын жақсарту, олардың мәселелеріне назар аудару және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауылдағы әйелдерді кәсіпкерлікке тарту мүмкіндіктер мен жағдайларды таныстыруды көздейді.

Форумға қатысушылар, оның ішінде Олий Мажлис Сенатының төрағасы, қыз-келіншектердің қоғамдағы рөлін арттыру, гендерлік теңдік және отбасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның жетекшісі Танзила Нарбоева, ФАО өкілінің орынбасары Шерзод Умаров, АҚШ-тың Өзбекстандағы елшілігінің уақытша істер жөніндегі өкілі Пол Политис, Өзбекстан «Аграрлы сала әйелдері» қауымдастығының төрайымы Адиба Ахмеджанова және басқа да сарапшылар елдегі әйелдердің әлеуметтік-саяси  белсенділігін арттыру, олардың кәсіпкерлік пен фермерлік салаға лайықты қатысуын қамтамасыз ету, дарындылығын жүзеге асыру, шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлікке баулу, құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылып жатқаны айтылды.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың 41,3 пайызы әйелдер болса, республикада жұмыс істейтін 80 мыңнан астам шаруа қожалығының 6 мыңға жуығын әйелдер басқарады. Республикадағы 688 мың гектардан астам егін алқабында қыз-келіншектер еңбек етіп, халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсене атсалысуда. 

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы 18 желтоқсандағы «Ауылдағы әйелдердің жағдайын жақсарту» туралы қарарына сәйкес 15 қазан Халықаралық ауыл әйелдерінің күні болып жарияланды. Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде бұл дата Халықаралық ауыл әйелдері күні ретінде кеңінен аталып өтіледі. Бұл күн Өзбекстанда да мемлекет тарапынан қодауының нәтижесінде кеңінен аталып өтіледі. Қарақалпақстан Республикасы және барлық аймақтарда түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылады.

– Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешендегі 20-дан астам министрлік, комитет, ведомстволардағы Орталық аппараттағы 1386 қызметкердің 230-ы әйелдер болса, 30-дан астамы түрлі деңгейдегі басшы әйелдер. Жүйелік ұйымдардағы 177 900-ден астам қызметкердің 47 600-і әйелдер болса, оның 650-ге жуығы әйел басшылар, екендігі жайлы статистиканы айтты Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Кахрамон Юлдашев.

Б.Худайбердиев,

ӨзА