Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Халықаралық ауыл шаруашылығы университеті 2022-2023 оқу жылында өз жұмысын бастайды
10:38 / 2022-04-28

Өзбекстанда 2022-2023 оқу жылынан бастап Халықаралық ауыл шаруашылығы университеті өз жұмысын бастайды.

27 сәуірде Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен өткен жиында ауыл шаруашылығы саласының басшыларына бірқатар міндеттер жүктелді. 

Онда, 2022 жылы Әндіжан, Жызақ, Наманган, Самарқанд, Ферғана және Хорезм облыстарында агросервис орталықтары құрылып, 100-ден астам қызмет түрі іске қосылатыны айтылды. 

Халықаралық ауыл шаруашылығы университетінің алғашқы оқу жылында 7 мамандық бойынша 200 студент білім алатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қараша айында Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы Англияның Глостершир штатындағы Корольдік ауылшаруашылық университетінде (Royal Agricultural University, RAU) келіссөздер жүргізген болатын.