Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Халима Якоб Имам Бұхари кешенін зиярат етті
17:58 / 2023-05-25

Сингапур Президенті Халима Якоб Самарқандқа жасаған сапарында Имам Бұхари кешеніне барып зиярат етті.

Ұлы ғұламаның рухына бағыштап Құран оқылды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М. Комилов жоғары мәртебелі мейманды Президент Шавкат Мирзиёевтің  бастамасымен қайта салынып жатқан бұл кешендегі құрылыс жұмыстары және нысанның бұрынғы жағдайы туралы хабардар етті. Кешен мен оның төңірегінде қажыларға жасалған мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар қажылық туризмін дамытуға қызмет ететіні айтылды.

Халима Якоб ханым Ислам әлемінде Мухаддистер сұлтаны ретінде танылған Имам Бұхари кешенін дамытуға қатысты еңбектерді жоғары бағалады.

суреттерді түсірген Н. Хайдаров, ӨзА