Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Хабиб Нурмагомедов үлкен спортқа қайта оралмақ
13:47 / 2023-04-09

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов жақын арада үлкен спортқа қайта оралатынын айтты.

Танымал спортшы әлеуметтік желіде жүгіру спорт жолағында жасаған жаттығудан видео жариялап, мынадай пікір қалдырды: «Шілде айына дейін дайын болуым керек. Бірақ ММА емес», - деп жазды ол.

Спортшы бұл бұрынғыдай аралас жекпе-жек емес екенін жарияласа да, алайда ол егжей-тегжейлі мәлімет айтпаған.

Хабиб Нурмагомедов өзінің соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың күзінде өткізіп, америкалық спортшы Джастин Гэтджиді жеңді. Жеңіл салмақта UFC чемпионы атағын қорғаған ресейлік кәсіпқой мансабын аяқтағанын хабарлаған еді.

2020 жылдың шілдесінде Нурмагомедовтың әкесі қайтыс болды. Осыдан кейін ол октагонға кірмеуге уәде берген. 

Хабиб өз мансабында аралас жекпе-жек бойынша 29 шайқас өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.