French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Гвинеяда президенттік сайлауы 18 қазанда өтеді
10:27 / 2020-08-12

Гвинея президенті Альфа Конде сейсенбі күні елдегі президент сайлауы 18 қазанда өтеді, деп мәлімдеді. Алайда өзінің үшінші мерзімге үміткер болатынын әлі жариялаған жоқ.


Гвинея президенті Альфа Конде сейсенбі күні елдегі президент сайлауы 18 қазанда өтеді, деп мәлімдеді. Алайда өзінің үшінші мерзімге үміткер болатынын әлі жариялаған жоқ.

Бұл туралы Agence France-Presse (AFP) мемлекеттік теледидарға сілтеме жасап хабарлаған.

Бұған дейін Гвинеяның билеуші «Гвинея халықтары бірлігі» партиясы өзінің кезектегі съезінде қазіргі президенттің кандидатын алға тартқан болатын. Бірақ 82 жасты қарсылаған президент Конде қазіргі уақытта үшінші президенттік мерзімге үміткер болатынын әлі жариялаған жоқ.

Сондай болса да наурыз айында өткен референдумда мақұлданған елдің жаңа конституциясында Альфа Конде үшінші президенттік мандат алуға мүмкіндік берілді. Алдыңғы конституциялық межеге сай мемлекет басшысының қызметі екі реттік мерзімге ғана сайланатын болған. Билеуші партияның пікірінше, жаңа конституцияның қабылдануымен Альфа Конденің үшінші мерзімге сайлануы мүмкіндігін кеңейткен.

Дегенмен өткен жыл күзден бастап Гвинея Республикасындағы оппозиция Кондэдің қайта сайлануына жол бермеу тірлі наразылықтар білдіріп үкіметке қарсылық танытып келеді.