Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Гвинеяда мұнай қоймасы жарылып, салдарынан 8 адам қаза тапты
16:15 / 2023-12-18

Гвинея астанасы Конакридегі мұнай терминалында болған жарылыс салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тауып, 84-і адам жарақат алды.

Interfax мәліметінше, жарылыс дүйсенбі күні таңертең Гвинеяның Калум коммунасындағы негізгі мұнай терминалында болған. 

Гвинея үкіметі оқиғаның себебін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту үшін тергеуді бастау шешімін жариялады. Терминалға келтірілген шығын көлемі әзірге белгісіз.

Ел билігі жақын маңдағы аудандардың тұрғындарын үйлерінен шықпауға және мектептерді уақытша жабуға шақырған.