Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Гвинея құрамасы Олимпиадаға қатыспайтын болды
11:49 / 2021-07-22

Гвинея коронавирусқа байланысты ел спортшыларын Токио Олимпиадасына жібермеуге шешім қабылдады.

Бұл туралы спорт министрі Санусси Соу хабарлады. Алайда AFP ақпарат көзі бұл шешім шын мәнінде Гвинеядағы қаржылық проблемаларға байланысты болған деп мәлімдеді.

«Коронавирустың түрлері белсенді түрде таралып жатқандықтан, үкімет ел спортшыларының денсаулығы үшін алаңдаулы, сондықтан олардың Токиодағы қатысуын тоқтату туралы шешім қабылдады», - делінген спорт министрі Гвинея Олимпиада комитетіне жазған хатында.

Олимпиадаға Гвинеядан еркін күрес, дзюдо, жүзу және жеңіл атлетика бойынша жалпы бес спортшы қатысуы керек болатын.

Гвинея Олимпиадаға алғаш 1968 жылдан бастап қатысып, бүгінге дейін тарихта 11 Олимпиада да өнер көрсеткен. Бірақ әлі күнге дейін бірде-бір медаль ала алмады.

Токиода жазғы Олимпиада ойындары 23 шілдеде ашылады. Бірақ қазірдің өзінде жарыстың алғашқы сайыстарына старт берілген. Бүгінгі уақытта Токиоға келген спортшылар, делегация мүшелері және Олимпиадаға қатысты басқа адамдардың  80-нен астамында коронавирус диагнозы анықталған.