Гвинея басшысы үкіметті таратып жіберді
Гвинеяның өтпелі президенті Мамади Думбуя премьер-министр Бернар Гуму бастаған үкіметті таратып жіберді.
Reuters хабарлауынша, бұл туралы мемлекет басшысы әкімшілігінің ресми өкілі Амар Камара мәлімдеген.
Жаңа үкімет тағайындалғанға дейін министрліктер мен ведомстволарды министрдің орынбасарлары мен басқа да төмен лауазымды тұлғалар басқаратын болады.
Үкіметтің таралу себептері айтылмаған. Жақын арада жаңа үкімет жасақталады деп күтілуде.