Гватемалада президент делегациясына оқ атылды
Гватемала президенті Алехандро Джамматтейдің делегациясына атыс қаруымен шабуыл жасалды.
Radio Sonora-ның хабарлауынша, президент кортежіне Мексика шекарасына жақын жерде шабуыл жасалған. Оқиға нәтижесінде саясаткер зардап шекпеген, шабуыл жасағандардың бірі ұсталған.
"Уэхуэтенанго департаменті, Хакалтенангодағы Ла Лагуна ауылында президент делегациясына жасалған шабуыл расталды. Әскерилер шабуылды тойтарып, бір шабуылдаушыны жаралап, тұтқынға алды", - делінген радиостанция хабарламасында.
Алехандро Джамматтей 66 жаста. Ол 2020 жылдың қаңтарынан бері президент.