English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Гвардиоланың анасы коронавирустан көз жұмды
23:44 / 2020-04-06

Өткен айда Каталониядағы аурухананың біріне 1 миллион еуро қаржылай қайырымдылық жасап еді


Англияның «Манчестер Сити» клубы бас бапкері Хосеп Гвардиола ауыр қазаға тап болды. 82 жасқа қараған шақта оның анасы Долорес Сала Каррио Барселонада коронавирустан қаза тапты.

Клубтың твиттер парақшасында айтылған осы хабарлама соңынада, «Манчестер Сити» клбының барлық мүшесі Гвардиоланың қайғысына ортақ екенін жеткізген.

Хосеп Гвардиола өткен айдың соңына жақын Испанияда осы індеттің енді ғана ауқымдап келе жатқан шағында Каталониядағы аурухананың біріне 1 миллион еуро қаржылай қайырымдылық жасап еді.