Гвардиола маусымының үздік бапкері атанды
«Манчестер Сити» клубының бапкері Хосеп Гвардиола УЕФА нұсқасы бойынша 2022/23 маусымының үздік бапкері атанды.
Бұл жағынан испандық маман Симоне Индзаги («Интер») мен Лучано Спаллеттиден («Наполидің» бұрынғы жаттықтырушысы) басып озды.
Гвардиоланың басшылығында «Сити» өткен маусымда ЕЧЛ, АПЛ және Англия кубогын жеңіп алды.
«Манчестер Сити» клубының және Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холланд УЕФА нұсқасы бойынша өткен маусымдағы Еуропаның үздік ойыншысы атанды.
23 жастағы шабуылшы өткен маусымда Манчестер клубымен АПЛ, ЕЧЛ, Англия кубогы және Еуропа суперкубогын жеңіп алды. Эрлинг Премьер-Лига мен Чемпиондар лигасында да үздік сұрмерген атанды.