Колумбияда алғаш рет солшыл күштердің өкілі, бұрынғы партизан «Тарихи пакт» коалициясының өкілі Густаво Петро президент болды.
Оның ұлықтау рәсімі 7 тамыз, жексенбі күні ел астанасы Боготада салтанатты түрде өтті.
Жаңа қызметіне кіріскен Петро өз сөзінде Колумбияда зорлық-зомбылық пен кедейлікті тоқтату үшін «екінші мүмкіндік» берілгенін айтып, теңсіздікті жоятын экономикалық саясатқа уәде берді. «Мен екі ел болғанымызды, қоғамның бөлінуін қаламаймын. Мен күшті, әділ және біртұтас Колумбияны қалаймын», - деген ол.
62 жастағы Густаво Петро жас кезінде солшыл көтерілісші М-19 тобына қосылып, екі жыл түрмеде отырған. Кейін қарулы күрестен бас тартып, Бельгияда дипломат болып, Богота қаласының мэрі қызметін атқарды.
Петро Колумбиядағы ауқымды реформаларды, соның ішінде байлық салығын, аштыққа қарсы бағдарламаны, мұнай мен газды кезең-кезеңмен тоқтатуды және жаңартылатын энергияға инвестицияла тартды насихаттаған.