Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Тәуелсіздік алаңына барды. Онда Жоғары мәртебелі қонақ Тәуелсіздік және ізгілік монументіне гүл шоқтарын қойды.
Шара барысында Түрікменстан басшысына Тәуелсіздік алаңы жайында мәлімет берілді. Осыдан кейін Түркіменстан делегациясы өздеріне арналған резиденцияға жол алды.
Ресми сапардың негізгі шаралары 5 қазанда Көксарой резиденциясында өтеді.

Онда, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев пен Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов екі ел арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын кеңейту мен нығайту мәселелерін талқылайды және халықаралық саясат пен аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады.
Келіссөздер барысында негізгі талқыланар мәселелер қатарында сауда, көлік және транзит, энергетика саласындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жобаларын ілгерілету, екі ел арасындағы байланысты нығайту, бірлескен мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламаларын іске асыру орын алған.
Сапар аясында екіжақты бірқатар шаралар, соның ішінде Экономикалық форум өтеді.

