Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Гурбангулы Бердімұхамедов Самарқандқа жасаған сапарын аяқтады
19:13 / 2022-11-11

Түркі мемлекеттері ұйымының бірінші саммитіне бақылаушы ел ретінде қатысқан Түркіменстан Ұлттық Кеңесінің Халық Мәслехаты Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Самарқандқа жасаған сапарын аяқтады.

Самарқанд халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі мейманды Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.

[gallery-9527]

Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің соңында Түркі елдерінің ынтымақтастығы жолында достық пен әріптестіктің нығаюына үлес қосқан жандарды марапаттау рәсімі өтті.

Түркі мемлекеттері арасындағы достық пен серіктестікті нығайтуда Түркіменстан Ұлттық Кеңесінің Халық Мәслехаты Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің еңбегі ерекше екені атап өтілді және оны түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен марапаттау туралы шешім қабылданды. Атаулы сыйлықты Президент Шавкат Мирзияев табыс етті.