Гуанчжоуда Өзбекстанның Бас консулдығы ашылды
Қытайдың Гуанчжоу қаласында Өзбекстанның Бас консулдығының ресми түрде ашылды
Қытайдың Гуанчжоу қаласында Өзбекстанның Бас консулдығының ресми ашылуына орай салтанаты шара өтті.
Өзбекстан СІМ хабарлауынша, салтанатты шараға Өзбекстанның Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиер Саидов, Гуандун провинциясы мен Гуанчжоу Халық үкіметінің басшылары, сонымен қатар аймақтағы іскери, қоғамдық және сарапшылық топтардың өкілдері мен өзбекстандықтар қатысқан.
Ашылу салтанатында Елші Бахтиер Саидов Бас консулдықтың ашылуы Өзбекстан мен Қытай арасындағы көп жақты қатынастардың одан әрі дамуына, барлық салалардағы практикалық ынтымақтастықтың кеңеюіне, бірінші кезекте, Қытайдың өңірлері мен оңтүстік провинциялары арасындағы тауар айналымын арттыруға қосымша серпін беретіндігін атап өтті.
Жаңадан ашылған Бас консулдық округы құрамына Гуандун, Фуцзянь, Хунань, Хайнань провинциялары және Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы кіреді.
Салтанатты шара аясында Өзбекстанның инвестициялық, экспорттық және туристік әлеуетінің таныстырылымы өтіп, қатысушыларға Өзбекстанда құрылған іскерлік орта, еркін экономикалық аймақтардағы бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар, құрылыс, тоқыма өнеркәсібі, ауылшаруашылығын дамыту жетістіктері және осы салалардағы ынтымақтастық перспективалары туралы ақпарат берілді, делінген хабарда.
