Осы күндері әлемдік ақпарат құралдарының назары Қытай Халық Республикасының Гуанчжоу қаласына ауып отыр. Мұнда екі күннен бері «5-ші Дүниежүзілік медиа саммиті» өтіп жатыр.
Әлемнің 101 елінен 400-ден астам БАҚ өкілдері қатысқан бұл саммитке Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің делегациясы да қатысуда.
3 желтоқсанда саммиттің ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің үгіт-насихат вице-министрі Ху Хэпин, БҰҰ Бас хатшысының жаһандық коммуникациялар жөніндегі орынбасары Мелисса Флеминг (бейнеконференция арқылы), елдің жетекші ақпарат агенттігі «Синьхуа» бас директоры Фу Хуа, Гуандун провинциясының губернаторы Ван Веижонг, сондай-қ көптеген БАҚ және халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.
Конференцияның күн тәртібіне сәйкес «Бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту» мәселесі талқыланып, тақырып төңірегінде жан-жақты пікір алмасылып, көптеген ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Форум қатысушылары осы күні 5-ші Дүниежүзілік БАҚ саммитіне қатысты Бірлескен мәлімдемені қабылдады.
– Біз «Жаһандық сенімді арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарының дамуын қолдау» тақырыбында кең әрі терең пікірталас өткіздік, – делінген осы құжатта. – Айта кету керек, бүгінде әлем бұрын-соңды болмаған қарқынды өзгерістерді бастан кешіруде. Белгісіздік, күтпеген факторлар күшейіп, адамзат үшін жаһандық проблемалар туғызуда. Сондықтан халықаралық қауымдастық бұрынғыдан да ынтымақтастықты нығайтуы қажет. Бұқаралық ақпарат құралдары әлем, уақыт және тарих қойған сұрақтарға жауап беретін коммуникация көпірін құруы керек.
Мәлімдемеде сондай-ақ әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының даму жолындағы теңсіздікті жоюға көмектесетін дамушы елдердегі кедейлікті азайту, азық-түлік қауіпсіздігі, дамуды қаржыландыру және индустрияландыру сияқты өзекті қажеттіліктерге көбірек көңіл бөлетіні айтылды.
Өйткені, ақпарат ғасырында, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жаңашылдықты белсенді түрде енгізіп, журналистік этиканы ұстанып, кәсіби стандартқа сай, заманауи технологияларды ұтымды пайдалану қажет. Бұқаралық ақпарат құралдарының беделі мен сенімділігін сақтау үшін фактіге негізделген, жан-жақты бейтарап жаңалықтарды кең аудиторияға таратып, жалған ақпаратқа, қауесетке және біржақты пікірлерге табанды түрде қарсы тұру қажет.
Халықаралық саммит жұмысы жалғасуда.Халқаро саммит иши давом этяпти.
ӨзА