French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Грузияның Еуропалық Одаққа кіру процесі тоқтап қалды
10:49 / 2024-07-10

Грузияның Еуропалық Одаққа кіру процесі қазір тоқтап тұр. Бұл туралы сейсенбі күні Еуроодақтың Грузиядағы елшісі Павел Герчинский мәлімдеді.

«Бұл өте өкінішті және көңіл көншітпейді, өйткені біз басқа үміткер елдермен бірге жылдам прогреске қол жеткізіп жатырмыз», - деген ол.

П.Герчинскийдің айтуынша, қазіргі Грузия үкіметінің ниеті Еуроодақ басшыларына түсініксіз. «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» заң елді тоғыз қадамды орындаудан алыстатады, ал батысқа қарсы, еуропалық риторика ЕО-ға кіру туралы айтылған мақсатпен мүлдем үйлеспейді, деген дипломат.

«Парламенттік сайлаудан кейін жаңа үкімет еуропалық интеграцияға қатысты байыпты жұмысқа кіріседі деп сенемін», - деп түйіндеді сөзін П.Герчинский.