Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Грузиядан Самарқандқа рейс ашылады
17:59 / 2023-10-31

Грузиядан Самарқандқа тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда.

Өзбекстан Көлік министрлігінің хабарлауынша, министр Ильхам Махкамов Грузия Премьер-министрінің орынбасары, Экономика және тұрақты даму министрі Леван Давиташвилимен екі ел арасындағы көлік-логистикалық қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.

Тараптар, атап айтқанда, Өзбекстан мен Грузия арасындағы тұрақты әуе рейстерінің санын арттыру, жаңа бағыттарға рейстер ашу жөнінде пікір алмасты.

«Ильхом Махкамов грузин тарапының Грузиядан Самарқандқа әуе қатынасын ұйымдастыру туралы ұсынысын қолдады», делінген хабарламада

Сондай-ақ, өз кезегінде Леван Давиташвили Грузияның Қара теңіз жағалауында порттар мен терминалдар салуда өзбек кәсіпкерлеріне көмектесуге дайын екенін мәлімдеген.

Ведомство ақпаратына сай, тараптар халықаралық тасымалдаулар үшін рұқсатнама бланкілерімен алмасу көлемін ұлғайтуға келіскен.

2022 жылы Грузияның Поти және Батуми порттары арқылы Өзбекстанның экспорттық-импорттық жүк тасымалдау көлемі 864 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда (503 мың тонна) 72 пайызға өскен.