Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Грузияда шахтада жарылыс болды, құрбандар бар
14:11 / 2022-01-31

31 қаңтарда Грузияның Ткибули қаласындағы көмір шахтасында жарылыс болды.

«Рустави-2» телеарнасының хабарлауынша, оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы сегізі жарақат алған.

«Бізге оқыс оқиға орын алып, салдарынан тоғыз адам зардап шекті деген ақпарат түсті. Ондағы бір адамның жарақаты өте ауыр болып, соның салдарынан ол көз алдымызда көз жұмды. Бұдан бөлек жарылыстан кеншілер зардап шекті», - деді. Ткибули қаласының мэрі Давид Черкешишвили.

Қазіргі кезде зардап шеккендердің барлығы Тбилисиге жеткізілген. Оларда әртүрлі дәрежедегі күйік жарақаты бар. Қайғылы оқиғаның себептері тергеуде анықталатыны айтылған хабарда.

Осыған дейін, 2018 жылы Ткибули шахтасында екі апат болып, он адам қаза тапқан.