Грузиядағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан елде коронавирустың бесінші толқыны басталды.
Грузияның ауруларды бақылау ұлттық орталығының басшысы Амиран Гамкрелидзенің мәлімдеуінше, «инфекция жағдайларының саны айтарлықтай өсті, бұл бесінші толқынның басталуы. Өкінішке орай, бұл толқын жоғары қарқынмен басталады, сондықтан бәріміз - маска тағуды, қашықтықты сақтауды, топ болып жиналудан аулақ болыңыз және вакцинациядан өтіңіз», - деген ол мемлекеттік арнаға берген сұхбатында.
Грузияның еңбек, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, ел халқының тек 22 пайызы ғана коронавирусқа вакцина алған. Жыл соңына дейін Грузияда «жаппай иммунитет» қалыптастыру үшін күніне 30-40 мыңға дейін вакцинациялау қажет болған жағдайда 4-5 мың азамат қана екпе жасатуда.
Грузияда пандемия басталғалы 665 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды.