Грузия, Әзірбайжан, Түркия және Қазақстан Транскаспий дәлізі туралы декларацияға қол қойды
Грузия, Әзірбайжан, Түркия және Қазақстан Шығыс-Батыс Транскаспий дәлізі туралы төртжақты декларацияға қол қойды.
Georgia-Online сайтындағы хабарламаға сай, құжат төрт елдің халықаралық көлік жүйесіндегі интеграциялық әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Декларацияда Баку-Тбилиси-Карс темір жолының маңыздылығына баса назар аударылған болып, желінің өткізу қабілетін арттыру үшін құрылыс жұмыстарын аяқтаудың маңыздылығы айтылған.
Сонымен қатар, осы саладағы көлік қызметінің сапасын арттыру үшін инфрақұрылымды инвестициялау қажеттілігіне назар аударылған.