Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Грецияда 13 мыңға жуық мигрант тұратын лагерь өртеніп кетті
01:21 / 2020-09-10

Грецияның Лесбос аралындағы ең үлкен «Мория» мигранттар мен босқындар лагерінде өрт шығып ондағы адамдар эвакуацияланған


Грецияның Лесбос аралындағы ең үлкен «Мория» мигранттар мен босқындар лагерінде өрт шығып ондағы адамдар эвакуацияланған.

«ERT» телеарнасы таратқан хабарда айтылуынша, әлемнің 70-тей елінен келген 13 мыңға жуық босқын өмір сүретін «Мория» лагерінде өрттің шығу жайлы нақты дерек жоқ. Бірақ болжам бойынша бұл жағдай осы ортада коронавирустық індеттің 35 жағдайы тіркелгеннен кейін орын алған. Ал лагер бір аптадан беріге карантин режимінде екені айтылады.

Белгілі мөлшерден 4 есе көп босқын мен мигрант қоныстанған бұл орта, өртке дейінгі мұндағы жағдайының нашарлығына орай гуманитарлық ұйымдар тарапынан жиі сынға ұшыраған. Ал бүгінгі ахуалдан кейін Лесбос губернаторының орынбасары Арис Хатзикомниностың жергілікті радиоға берген мәліметінде, өрт сөндірушілердің әрекетіне қарамай лагер түгелдей жанып кеткен.   Хабарда жәбірленгендер жайлы ақпарат жоқ. Деседе ондағы босқындар жан сақтау мақсатында арал маңы мен атыраптағы таулы жерлерді паналаған. Полиция олардың көрші қалаларға кіруіне жол бермеу үшін жақын маңдағы жолдарды жапқан.