English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Грета Тунберг халықаралық балалар бейбітшілігі сыйлығын иеленді
16:36 / 2019-11-21

Тарихта алғаш рет осы сыйлық биыл екі жанашыр жасөспірімге табысталды


БҰҰ-да әлем елдерінің президенттеріне қарата экология жайлы сөз айтқан швециялық қоршаған әлемнің жанашыры Грета Тунберг Гаагада өткен салтанатты шарада халықаралық балалар бейбітшілігі сыйлығына лайық деп табылды.

Тарихта алғаш рет осы сыйлық биыл екі жанашыр жасөспірімге табысталды. Оның бірі камерундық құқық қорғаушы қыз Дивина Малум болып, ол 14 жасында осы сыйлықты алғанына қуанып «бұл сыйлық тек менің ғана жетістігім емес, оған менің қасымда қолдаушыларымныңда жетістігі. Бұл сыйлықты соғыстан жапа шеккен балалар, үміті сөнген - көмекке мұқтаж, ылғида құқығы тапталған өз теңқорларыма араймын» -деген.

Грета Тунберг бұл сыйлығын қазіргі кезде Атлант мұхиты арқылы АҚШ-тан Испанияға климаттың өзгеруіне байланысты БҰҰ-ның кезектегі саммитіне қатысу үшін жолға шыққанына байланысты қабылдай алмады.