Гренландияда аномальды температура салдарынан 18 миллиард тонна мұз еріп кетті
Гренландия ауа температурасының жоғарылауына байланысты мұз қорының көп бөлігін жоғалтты.
Gizmodo басылымының хабарлауынша, Гренландияның басым бөлігінде ауа температурасы 15,5 градусты құрады, бұл шілде айындағы климаттық нормадан 10 градусқа жоғары.
Аномальды ыстық нәтижесінде Гренландия мұз қабатындағы қар мен мұз еріген. Үш күннің ішінде, яғни 15-17 шілде аралығында мұз қабаты 18 миллиард тонна су жоғалтқан.
Өткен аптада мұздықтардың еруі бәсеңдеп, жағдай климаттық нормаға қайтқан. Бірақ климатологтар жағдайға алаңдаулы екенін мәлімдеген.
Егер Гренландиядағы барлық мұз еріп кететін болса, теңіз деңгейі 8 метрге көтерілуі мүмкін.