Грекияның жаңа президенті ант берді
Грекия парламентінің бұрынғы төрағасы Константинос Тасулас ел президенті қызметіне кірісті. Бұған дейін осы лауазымда Катерина Сакелларопулу қызмет атқарған.
Тасулас ақпан айында парламент дауыс беру нәтижесінде жаңа президент болып сайланды. Төртінші кезеңде парламенттің 300 мүшесінен 276-сы дауыс беруге қатысты. Жеңіске жету үшін 151 дауыс жеткілікті болса, Тасулас 160 дауыс жинады. Оны билеуші «Жаңа демократия» партиясының барлық 156 депутаты, сондай-ақ бұрынғы премьер-министр Антонис Самарас және үш тәуелсіз депутат қолдады.
Грекия президенті жалпы халықтық сайлау арқылы емес, парламент шешімімен бес жыл мерзімге сайланады.
БАҚ хабарлауынша, Тасулас алғашқы ресми сапарын Олимпия қаласына жасайды. Ол дүйсенбі күні Халықаралық олимпиада комитетінің жаңа президентін сайлау рәсіміне қатысады.