Грекияның Самос аралының маңында ұшақ апатқа ұшырады
Бортында екі адамы болған Израильдің бір моторлы ұшағы Самос аралының маңында теңізге құлады.
Израильден ұшқан болуы тиіс ұшақ Самос аралының аэродромына қонар алдында радардан жоғалып кеткен. Ұшақ қона алмай суға құлады, деп жазады ТАСС агенттігі.
ERT телеарнасының хабарлауынша, құлған әуе көлігі Cessna 172 үлгісіндегі ұшақ болып, бортта екі израильдік болған - жолаушы мен ұшқыш.
Грекияның азаматтық авиация басқармасының хабарлауынша, апаттан кейін іздестіру -құтқару жұмыстары басталып, апат салдарынан ұшақтағы екі азаматтың мәйіті табылған.