Грекия құрамасының ойыншысы өлі күйінде табылды
9 қазан кешінде Греция ұлттық құрамасы мен «Панатинаикос» клубының 31 жастағы қорғаушысы Джордж Болдоктың денесі жалға алынған үйдің бассейні маңынан табылды.
Sport24 хабарлауынша, футболшының денесін үй иесі тауып алған. Оның әйелі бірнеше сағат бойы байланыса алмаған соң, үй иесінен көмек сұраған.
Құқық қорғау органдары тергеу жүргізуде, бірақ өлімнің себебі әлі белгісіз. Алғашқы мәліметтер бойынша, футболшының денесінде ешқандай жарақат анықталмаған.
Англияның бес клубында ойнаған Джордж Болдок 2023 жылдың 29 мамырынан бастап «Панатинаикоспен» келісімшартқа қол қойған еді.
Ол Грекия ұлттық құрамасында 2022 жылдың 2 маусымынан бері ойнап, 12 матчқа қатысқан. Джордж осы аптада да ұлттық құрама сапында ойын өткізуі тиіс болған.