Грецияның солтүстік-шығысындағы орман өртінен екі адам қаза тапты
Грецияның солтүстік-шығысындағы орман өрті салдарынан екі адам қаза тапты.
Өрт Афинаның солтүстігіндегі Эубой аралында, сондай-ақ Боэотия аймағында өршіп тұр. Жағдай қатты екпінді жел мен 40 градус ыстыққа байланысты қиындап отыр.
Осы жағдайға байланысты 20 мыңға жуық адамды, негізінен туристерді эвакуациялау туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта Грециядан бөлек Еуропада Испанияның Тенерифе аралында орман өрт өршіп тұр. Өрт сөндірушілер өртті сөндіруді жалғастыруда. Әзірге олар өрттің таралуын бақылай алмағанымен, оның қарқыны бәсеңдеген.
Испандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт Тенерифеде 15 мың гектарға жуық орманды шарпыған.