Грецияда пойыз соқтығысып, 29 адам қаза тапты
Грецияның солтүстігінде жолаушылар мен жүк пойызының соқтығысуы салдарынан 29 адам қаза тапты.
BNO News хабарлауынша, оқиға салдарынан тағы 86 адам жарақат алған, оның 25-нің жағдайы ауыр.
Апат Афиныдан солтүстік-батысқа қарай 230 шақырым жерде Евангелисмос қаласына жақын маңда болған.
Hellenic Train операторының айтуынша, Евангелисмоста екі пойыз жүк пойызы мен Афинадан Салоникиге бет алған жолаушылар пойызы бетпе-бет соқтығысқан.
Оның сөзінше, жолаушылар пойызында кемінде 350 адам болған. Қазіргі уақытта оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.