Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Грецияда матч кезінде 21 жастағы футболшы қайтыс болды
12:34 / 2022-02-05

Афинада Оңтүстік-Шығыс аймағының үшінші дивизионының «Илиуполи» мен «Эрмионид» командалары арасындағы ойында қайғылы оқиға орын алды.

sport24 порталының дерегінше, кездесу басталғаннан бес-ақ минут өтіп «Илиуполи» командасының жартылай қорғаушысы Александорс Лампис жүрек талмасынан есінен танып, ойын кезінде алаңда құлап түскен.

Дәрігерлер дереу 21 жастағы футболшыға алғашқы көмекті көрсеткен бірақ стадионда дефибриллятор болмаған. Ал, жедел жәрдем оқиға орнына 20 минутта жеткен, кейін футболшыны құтқарып қалу мүмкін болмағаны айтылады хабарда..