Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Грецияда карантин күшейтіледі
09:10 / 2021-07-07

Греция билігі коронавирустық пандемия салдарынан жаңа шектеулер енгізілетіндігін жариялады, олар жастар арасындағы сырқаттанушылықты азайтуға бағытталған.

Reuters-тің хабарлауынша, жаңа шектеулер 8 шілдеде күшіне енеді.

«8 шілдеден бастап мейрамханалар, барлар, клубтар мен ойын-сауық орындары тек отырған клиенттермен және нысанның сыйымдылығы туралы заңнамада белгіленген ережелер бойынша жұмыс істейді», - деді Азаматтарды қорғау вице-министрі Никос Хардалиас.

Оның айтуынша, биліктің тағы мұндай шешім қабылдауы коронавирусты жұқтырғандар арасында жастар мен ойын-сауық шараларына жиі келетін адамдар көп, деп түсіндірген.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, пандемия басталғалы Грецияда 429 мың COVID-19 ауруы тіркелді, оның 407 мыңы сауығып, 12,7 мың жағдай - өліммен аяқталды.