Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Грецияда 85 жастағы ер адам COVID-19 вакцинасын алғаннан 8 минут өтіп қайтыс болды
16:42 / 2021-02-16

Грецияның Крит аралындағы Ираклион университетінің ауруханасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алғаннан кейін 85 жастағы ер адам 8 минуттан өтіп қайтыс болды.

Жергілікті «Neakriti» басылымындағы ақпаратқа сай, дәрігерлер оның өліміне вакцина немесе аллергиялық анафилактикалық әсер етпегенін алға тартып, адын ала қорытындылар бұл вакцинациямен бір мезгілде болған кенеттен болған өлім деп болжаған.

Хабарда айтылуынша, вакцинациядан сегіз минут өткен соң ер адам есінен танып қалған. Кейін оны алғашқы медициналық көмек беріп бес минуттың ішінде есін жидырған болса да, бірақ қайтадан есінен танып қалған.

Дәрігерлердің науқас ауруханаға түскен уақытта оның ауру тарихын зерттеген және вакцинацияға нұсқау табылмағанын айтты. Жағдайдың нақты себебін анықтау үшін мамандар шұғыл сот-медициналық сараптама жүргізеді.

Греция Ұлттық вакцинация комитетінің басшысы Мария Теодориду қазіргі уақытта ел тұрғындарын вакцинациялау үшін Pfizer және BioNTech вакциналары қолданылып жатқанын айтқан.