Греция жағалауында 237 жолаушысы бар кемеден өрт шықты
Ион теңізінде, Грекия жағалауы бойымен жүзіп келе жатқан Euroferry Olympia жолаушылар кемесі өртке оранды.
Skai.gr сайтындағы мәліметке қарағанда, кеме бортында 237 жолаушы, сондай-ақ 51 экипаж мүшесі болған.
Кеме Игуменица (Греция) және Бриндизи (Италия) бағытында жүзіп келе жатқанда өрт Грекияның Эрикус аралына жеткен кезде басталған.
Соңғы дерек бойынша, өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Десе де оқиға салдарынан кеме бортында зардап шеккендер жоқ және олардың барлығы жағалауға шығарылған.