Греция туристер үшін шекарасын ашты
Греция шетелдік туристер үшін шекарасын ашты. Бұл туралы 14 мамырда Туризм министрлігі хабарлады.
Туристерге қауіпсіз демалыс жағдайы жасалып, жарты жыл бұрын енгізілген барлық шектеулер жойылды. Атап айтқанда, туристерден карантин талап етілмейді. Сонымен қатар, Греция азаматтарының аймақтар арасында жүруіне арналған шектеулер алынып, мұражайлар ашылған.
Греция жағажайларындағы жаңа ережелерге сәйкес, көлеңкелі шатырлар бір-бірінен кемінде 4 метр қашықтықта болатынын айтылған.
Санитарлық стандарттарға сәйкес жағажай жабдықтары үнемі антисептикпен өңделетін болады. Жаңа ережелер жағажайлардың жұмысына ғана емес, сонымен қатар туризм саласының қызметкерлеріне де бағынатын болады: әр адам қорғаныш маскаларын тағып, коронавирусқа үнемі тексеріліп отыруы керек.