Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Grammy сыйлығы қазақстандық музыкантқа нәсіп етті
13:52 / 2021-03-15

Қазақстанның Павлодар облысында туып-өскен музыкант Иманбек Зейкеновтың SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазған ремиксі Grammy сыйлығына ие болды.

Музыкант өз инстаграм парақшасында «Музыканттың карьерасындағы ең тамаша жетістік – Grammy жеңіп алу, біз оған қол жеткіздік!», — деп жазған.

Иманбек өз сөзінде ата-анасына, өзінің командасына, менеджері Кириллге, және Grammy ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

Иманбек Зейкенов әнші SAINt JHN орындайтын Roses әніне ремикс жазғаннан кейін танымал болып, ол ән Youtube желісінде 234,5 миллион қаралым жинаған.

<iframe width="632" height="360" src="https://www.youtube.com/embed/ele2DMU49Jk" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>