«Grammy» премиясы COVID-19-ға байланысты кейінге қалдырылды
«Grammy Music Awards-2021» марапатын табыстау салтанатты шарасы COVID-19 індетінің күрт асқынуына орай кейінге қалдырылды.
«Rolling Stone» сайтындағы хабарға сай, АҚШ Ұлттық Өнер және Технология академиясы Калифорниядағы эпидемиялық ахуалдың күрт нашарлауына байланысты «Grammy» музыкалық премиясының марапаттау рәсімін 31 қаңтар күінен наурыз айының 14 жұлдызына ауыстырған.
«Денсаулық сақтау саласының мамандарымен, біздің жүргізушілеріміз және салтанатты шараға қатысатын өнерпаздармен мазмұнды әңгімеден кейін біз 63-ші Грэмми марапатын 2021 жылдың 14 наурызы, жексенбі күнге ауыстырамыз», - делінген хабарламада.