Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Google» өз қызметкерлеріне 2021 жылдың жазына дейін қашықтан жұмыс істеуге рұқсат берді
14:05 / 2020-07-28

«Google» корпорациясы қызметкерлерін өз қалауына қарай компаниядағы жұмысын 2021 жылдың шілдесіне дейін қашықтан істеуге рұқсат етті


«Google» корпорациясы қызметкерлерін өз қалауына қарай компаниядағы жұмысын 2021 жылдың шілдесіне дейін қашықтан істеуге рұқсат етті.

Корпорация бас директоры Сундар Пичайдің мәлімдеуінше мұндай шешімге келуге қазіргі әлемдік COVID-19 пандемиясымен байланысты. «Қызметкерлердің болашақ жоспарларын құруға мүмкіндік беру үшін біз кеңседе болуы қажеттілік тудырмайтын мамандарға 2021 жылдың 30 маусымына дейін қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндік бердік», - деген Сундар Пичай.

Google қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің әрқайсысына 1000 доллардан ақша беретін болған. Ол үй жағдайында қажетті жабдықтар мен кеңсе жиһаздарын сатып алуға арналған.