Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Google» YouTube-ті сауда алаңына айналдыруды жоспарлауда
09:59 / 2020-10-12

Қазірдің өзінде YouTube тауарларды сату функциясын бейнетаспада тексерістен өткізуде


Интернет желісінің аса ауқымды іздеу жүйесі американдық трансұлттық «Google» корпорациясы YouTube бейнетаспа хостинг қызметін сауда алаңына айналдыруды жоспарлауда. Қазірдің өзінде бұл қызмет түрі тауарларды сату функциясын бейнетаспада тексере бастады.

«Bloomberg» агенттігінің хабарлауынша, YouTube-ті сауда алаңына айналдыру оны «Amazon» және «Alibaba» сияқты алпауыттар деңгейіне жеткізуі мүмкіндігін алға тартқан. Ал компания қазірің өзінде YouTube-тің шектеулі арналарында мұндай мүмкіндікті тексерістен өткізіп жатыр. Бірақ бейнетаспа хостинг қызметі мұндай ауқымды сауда барсында қалайша ақша табуы қазірге белгісіз.