Google кмпаниясы Google 2019 жылдан кейінгі алғашқы Google I/O конференциясында Android 12 бета-нұсқасын және қызметтер мен құрылғыларға арналған жаңартуларын жариялады.Бұл нұсқадағы ұялы телефондар көмегінде Android құрылғыларын қышықтан басқаруға болады.
Android 12-де процессордың сервермен қосылу уақыты 22 пайызға қысқарды, деп хабарлады Google вице-президенті Самир Самат.
Компания бүкіл әлемде 3 миллиард белсенді Android құрылғысы бар екенін мәлімдеді. Бұл Apple компаниясының 1 миллиард айфон туралы алға қойған мақсатынан әлдеқайда жоғары, деп жазады CNBC.
Android-тің жаңа нұсқасының дизайны көптеген жаңартуларға ие болып, онда хабарламалардың дизайны, анимация, пернетақта өзгеше көріністе ұсынылған.
Енді камера мен микрофонды пайдаланған кезде экранның оң жағында жасыл белгіше пайда болады, ал дыбыс пен бейнені жылдам параметрлер арқылы өшіру енгізілген.
Компания өкілдерінің айтуынша, Android 12-нің бета 1 нұсқасы «Pixel 3» үшін шығарылады, сондай-ақ кейбір модельдер «Xiaomi», «Asus», «Sharp», «OnePlus», «OPPO», «Realme», «Techno», «TCL», «Vivo» және «ZTE» смартфондарына арналады. Жоспар бойынша бета-ның соңғы нұсқасы 2021 жылдың күзінде шығады.