Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Гонконгтағы сауда орталығында өрт шығып, ондаған адам зардап шекті
14:16 / 2021-12-15

Гонконгтың Козуэй-Бэй аймағындағы Дүниежүзілік сауда орталығының ғимаратындағы өрт шығып, ондаған адам зардап шекті.

South China Morning Post порталының хабарлауынша  Өрт жергілікті уақыт бойынша дәл түскі ас кезінде тіркелген. Сауда орталығындағы дүкендер мен мейрамханаларға келушілердің көпшілігі іште қалып қойған.

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, жүзге жуық адам ашық аспан астындағы алаң орналасқан бесінші қабатқа эвакуацияланды.

Өрттің шығу себептері мен қанша адамның эвакуацияланғаны әзірге белгісіз. Қазіргі кезде өрт сөндірушілер өртті сөндіруді жалғастыруда.