English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Гонконгта жүк ұшағы теңізге құлап түсіті
10:44 / 2025-10-20

Гонконг әуежайында ұшу-қону жолағымен жүріп келе жатқан жүк ұшағы жолдан тайқып кетіп, қауіпсіздік қызметінің көлігіне соғылған. Нәтижесінде ұшақ пен көлік теңізге құлады. Көліктегі екі адам қаза тапқан, ал ұшақтың төрт экипаж мүшесі аман қалған.

Түркияның «ACT Airlines» әуе компаниясына тиесілі «Boeing-747» үлгісіндегі әуе кемесі Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласынан ұшып келіп, шамамен сағат 03:50-де Гонконг халықаралық әуежайына қонбақ болған. Ұшақ Дубайда орналасқан «Emirates» жүк тасымалдау компаниясы арқылы жалға алынған.

– Ұшқыштар қонар алдында ешқандай көмек сұрамаған, солға сырғып кетер алдында ұшақ жолағының шамамен жартысына дейін жетіп үлгерген, – деді әуежайдың қызмет көрсету жөніндегі атқарушы директоры Стивен Ю баспасөз мәслихатында. – Кезекші көлік ұшу-қону жолағына шықпаған, ал ұшақ жолағынан шығып кетіп, тосқауылдың ар жағындағы көлікпен соқтығысқан.

Құтқарушылар теңізге түсіп, 40 минутқа созылған іздеу жұмыстары нәтижесінде көлік ішінде қысылып қалған екі қауіпсіздік қызметкерінің мәйітін тапты.
Қону кезінде ауа райы ашық болған. Оқиғаның себебі қазір зерттеліп жатыр.