Гонконгтағы наразылықтардың нәтижесінде метро бекеті жанып кеткен
Қазіргі таңда бірнеше аптадан бері жалғасып келе жатқан осы наразылықтардан Гонконгтың туризм сапасы нашарлап саяхатшылардың келуі сирей бастаған.
Жексенбі күнгі Гонконгтағы наразылық білдірушілер мен полиция арасындағы қақтығыстардың нәтижесінде 89 адам ұсталып, 18 адам жарақат алған. Бұл туралы Reuters ақпараттық порталы хабарлаған.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, қақтығыс демонстранттардың жексенбі күні кешке полицияға жасаған шабуылынан кейін басталған, олар алдымен Гонконг полициясы үкімет ғимаратына түрлі заттармен шабуылдар жасаған. Содан бастап қақтығыс күшейіп кеткен.
«Радикалды демонстранттар екі полиция қызметкеріне шабуыл жасап, газ бомбасын, кірпіш лақтырып, офицерлердің қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Жексенбі күні кешке үкіметке қарсы наразылық білдірушілер мен полиция арасындағы ұрыс көшедегі төбелеске айналды. Онда ақ жейделер киген адамдар - Пекинді жақтаушылар мен балға, балық аулау таяқтары мен пышақ көтеріп қаруланған адамдар үкіметке қарсы шабуыл жасады», - делінген хабарламада.
Кешегі болған қақтығыстың салдарынан дүйсенбіде Гонконгтың кәсіпорындары мен метро станциялары жабылып келеңсіз жағдайларға тап болуда.
Қазіргі таңда бірнеше аптадан бері жалғасып келе жатқан осы наразылықтардан Гонконгтың туризм сапасы нашарлап саяхатшылардың келуі сирей бастаған.